Алаяқтық қоғамның жағдайына байланысты түрленіп, дамып, жаңа сипатта көрініс беріп жатады. Осы алаяқтықтың бүгінгі таңдағы жаңа бір сипаты – ақпараттық жүйені пайдалану арқылы бөтеннің мүлкін жымқыру, яғни интернет алаяқтық болып отыр. Яғни бұл жерде қылмыскер компьютер, смартфон, планшет секілді заманауи құралдардың көмегімен интернет арқылы адамдарды алдап, мүлкін жымқыру секілді жымысқы әрекеттерге барады. Бүгінде интернет алаяқтықтың ауқымы кеңейіп, әртүрлі интернет ресурстары мен әлеуметтік желілерді пайдалана отырып алаяқтардың арбауына түскен алданушылар саны күн санап өсуде.

Интернет алаяқтар қазір елдің ақшасын интернет-мессенджерлер арқылы үптеп кетуге тырысады. Қаржы жобаларын ұсынып, өзін брокермін деп таныстыратын алаяқтар да қаптап кеткен. Қазіргі кезде инвестициялық жобаларға қатысты алаяқтық жиілеген. Азаматтар жинаған ақшаларын қаржы жобаларына саламыз деп сан соғып жатады. Одан өзге әлі алмаған тауарына немесе қызметке ақша жіберіп, алданып жатады.

Интернет алаяқтықтың бір түрі – фишинг.  Бұл –  интернет пайдаланушының жеке мәліметтерін (логин мен пароль) жасырын алу. Қаскүнемдер алдымен танымал брендтердің немесе банктердің атынан жаппай электронды хаттар таратады.

Негізі, айта кететін нәрсе, электрондық адресіңізге өзіңізге қатысты емес, сіз білмейтін мекенжайлардан келген хаттарды ашпаған жөн, ашқан күннің өзінде ол жерде көрсетілген сілтемелерге кірудің қажеті жоқ. Ондайларды мүмкіндігінше сол келген бойында жойып отыру керек және міндетті түрде вирусқа қарсы бағдарламаларды қолданған жөн.

Еліміздің банктері мен байланыс операторлары алаяқтықтың жаңа түрі туралы мәлімдеме жасап отырады.

Төмендегідей қарапайым шараларды сақтау интернет-алаяқтардың      құрбаны болмауға мүмкіндік береді:

– Расталмаған сату көздерін пайдаланбаңыз:

– Кез келген жағдайда сіздің банк карталарыңыздың және шоттарыңыздың мәліметтерін ешкімге бермеңіз, әсіресе интернет арқылы байланысқан кезде:

– Интернет жүйесі арқылы  келген сілтеме бойынша өткен кезде мекенжай жолына, яғни акция жүргізетін ұйымның не компанияның  ресми атауының дұрыстығына назар аударыңыз;

– Әлеуметтік желілердегі өз профильіңіздің дербестігін баптауларда байланыс деректерін (қызметтік және жеке телефон номерлерін)көпшілікке қол жетімді етпеген жөн. Мобильдік нөмерді (бизнес-аккаунт) көрсету қажет болған жағдайда, жеке және жұмыс номерлерін бөлу қажет, яғни жеке номерді туыстармен  және жақындармен  байланысу үшін ғана пайдаланған дұрыс.

– Есептік деректеріңізді үнемі тексеріп көп факторлы аутентификация пайдаланылатын сенімді порольдерді қолданыңыз;

– Браузерде, операциялық  жүйеде және мобильдік құрылғыларды пайда болатын түрлі терезелермен хабарламаларға қатысты абай болыңыз;

– Банк карталарының деректерін сақтап, картаның сыртқы жағындағы 3 санды  CVV/CVC-кодын ешкімге айтпаңыз сондай-ақ банктен келіп түсетін  СМС-кодты ешбір жағдайда бейтаныс адамға айтпаңыз;

– Интернетке қол жеткізудің ашық қоғамдық Wi-Fі-нүктелеріне сенбеңіз;

– Жеке деректерді, жеке куәлік деректерін, банк карталарының деректерін және тағы басқа мәліметтерді қамтитын құжаттарды, банк карталарының көшірмелері мен фотосуреттерін ешкімге жіберменіңіз және таратпаңыз;

– Интернетте, соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы жасалатын күмәнді мәліметтерден бас тартыңыз:

– Интернет-порталдар арқылы мүлікті сатып алу кезінде ешқашан алдын ала келісім жасамаңыз:

– Төлем жүйелерімен белгісіз тұлғаларға ақша аудармаңыз:

– Автомобилдерді, басқа қалаға арналған қосалқы бөлшектерді сатып алғанда, достарыңыз бен таныстарыңызға айтып, сатушымен кездесуге және сатып алынған өнімді тексеруді өтініңіз.

– Бопсалаушылардың телефон бойынша талаптарын орындамаңыз;

Қорыта айтатын болсақ, бүгінгі таңда интернет-алаяқтық жаһандық мәселеге айналып отыр. Одан біз тек ақпараттық сауаттылықты дамыту және сақтық шараларын қолдану арқылы ғана, өзімізді және жеке деректерімізді алаяқтардың ықпалынан қорғай аламыз.

ҒАЛАМДЫҚ ПРОБЛЕМАҒА АЙНАЛҒАН МӘСЕЛЕ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған