ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында 6 қазанда АЭС құрылысы бойынша ұлттық референдум өтетінін хабарлады. Бұл референдум – елдің стратегиялық шешімдер қабылдаудағы халықтың пікірін ескеру бағытында жасалған нақты қадам. Алдағы таңдау еліміздің энергетикалық болашағын айқындайтын маңызды шешім болары анық.
Қазіргі энергетикалық қуатымыз әлі де көмірге тәуелді. Бұл елдің экономикалық дамуына кері әсер етіп қана қоймай, экологиялық тұрғыдан да үлкен қауіп төндіріп отыр. Елдегі электр энергиясының 57%-ы көмірден, 29%-ы табиғи газдан өндіріледі, ал жаңартылатын энергия көздеріне небәрі 13% тиесілі. Мұндай жағдай энергияны әртараптандыру мен экологиялық таза технологияларға көшудің қажеттілігін айқын көрсетеді.
Елімізде АЭС салу қажеттілігі бірнеше себепке байланысты. Біріншіден, елдің экономикалық өсуі мен халық санының артуы электр энергиясына деген сұранысты арттырып отыр. Екінші мәселе – елдегі ескірген энергетикалық инфрақұрылымның тозуы. Әсіресе көмірмен жұмыс істейтін стансалар экологиялық және экономикалық тұрғыдан тиімсіз болып барады. 2023 жылы Қазақстан Ресейден 3,4 млрд кВт/сағ электр энергиясын импорттап, бұл елдегі электр энергиясының 20%-ын құрады. Осыған байланысты АЭС тұрақты әрі сенімді энергия көзі ретінде қарастырылып отыр. Үшіншіден, АЭС-тің құрылысы Қазақстанның көмір мен газға тәуелділігін төмендетіп, атмосфераға бөлінетін көміртегі шығарындыларын азайтуға мүмкіндік береді. Мұндай стансалар экологиялық таза әрі тұрақты энергия көзі ретінде елдің парниктік газдарды азайту бойынша халықаралық міндеттемелерін орындауына көмектеседі.
Осы орайда мемлекетіміздің уран қоры бойынша әлемдегі жетекші елдердің бірі екенін атап өткен жөн. 2022 жылы еліміз әлемдік уран өндірісінің 43%-ын қамтамасыз еткен. Бұл елдің атом энергетикасын дамытуға қолайлы жағдай жасайды. АЭС-тің артықшылықтарының бірі – жоғары қуат тиімділігі (90%), бұл оны жел энергиясынан (25-35%) әлдеқайда тұрақты етеді. 1 154 МВт қуат өндіретін бір АЭС миллион халқы бар қаланы бірнеше ондаған жыл бойы энергиямен қамтамасыз ете алады.
Соныменқатар атом энергетикасы ел экономикасына да оң әсерін тигізеді. Мысалы, Францияда атом өнеркәсібі 457 200 жұмысорнын қамтамасыз етеді. Қазақстан өзінің уран қоры мен энергетикалық қажеттіліктерін ескере отырып, атом энергетикасының әлеуетін тиімді пайдалана алады.
Әлемде атом электр стансаларын (АЭС) салу тәжірибесі көптеген ел үшінэнергияның сенімді әрі экологиялық таза көзі ретінде қарастырылады. Бүгінгі таңда әлембойынша 64 ядролық реактордың құрылысы жүргізіліп жатыр, мұның шамамен үштен бірі – Азия елдерінде. Бұл жобалар негізінен Қытай, Оңтүстік Корея және Үндістан сияқты елдерде жүзеге асырылып жатыр.
АҚШ-та қазір 92 атом реакторы жұмыс істейді. Ал Оңтүстік Кореяда 24 реактор елдің шамамен 30%-ға жуық энергиясын қамтамасыз етеді. Қытайда 27 жаңа реактор салынып жатыр. Елімізге халықаралық тәжірибені ескеру және атом энергетикасын дамыту барысында экологиялық қауіпсіздікті қамтамасызетумаңызды. Бұл тек технологиялық тұрғыдан дайындықты ғана емес, сонымен бірге қоғамның сенімін арттыру мен әлеуметтік жауапкершілікті қамтамасыз етуді талап етеді. Егер біз АЭС салмасақ, энергия тапшылығы артып, елдің сыртқыкөздерге тәуелділігі күшейеді. Сондықтан АЭС салу еліміздің энергетикалық қауіпсіздігі мен экологиялық тұрақтылығы үшін маңызды мәселе.
З.ҚОЖАБЕРГЕНОВА,
Атакент кентінің отбасылық дәрігері.