Қазіргі таңда ауданымыздағы жалпы білім беру мекемелері мен мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері арасында діни сауаттылықты арттыру бағытында тиісті жұмыстар белгіленген кестеге сәйкес жүргізілуде.

Атап айтар болсақ, Түркістан облысының дін істері басқармасы мен аудандық ішкі саясат бөлімі қызметкерлерінің  ұйымдастыруымен аудан көлемінде «Дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету», «Діни экстремизмнің, теріс пиғылды діни ағымдардың алдын-алу» (Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі 8-бабының 8-тармақшасына сәйкес: Мемлекеттік қызметшілер әріптестерімен қызметтік қарым-қатынаста: әріптестеріне өзінің діни нанымдарын таңбауға, қол астындағы қызметшілерді қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың қызметіне қатысуға мәжбүрлемеуге тиіс (Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153  Жарлығы) тақырыптарында Мырзакент кентінде төтенше жағдайлар бөлімі, мәдениет саласы қызметкерлеріне және дербес бөлім қызметкерлеріне ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.  Өзектілігі жоғары осы кездесуге Түркістан облыстық дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің бөлімінің теолог маманы Д.Аманов және аудандық ішкі саясат бөлімінің теолог-инспекторы Д.Бекқожа қатысты.

Ал, аудандық білім бөліміне қарасты С.Датұлы атындағы жалпы білім беретін мекемесінде «Дін – тәрбиенің рухани тірегі» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұл шараның мақсаты: мектеп оқушыларына діни тәрбие бере отырып,адамгершілікке, имандылыққа,рухани тазалығын сақтауға үйрету. Мұсылман дінінің өміршеңдігін және Ислам дінін насихаттау, өз дініне сүйіспеншілік пен құрметпен қарауға сенімін арттыру болды.  Сонымен қата, осыған ұқсас іс-шара Пушкин атындағы жалпы білім беру мекемесінде мектеп педагог-психологы А.А.Қарамырзаев 8 – сынып оқушыларына «Дін және біз» тақырыбында психологиялық тренинг ұйымдастырды. Онда –жастардың діни сауаттылықтарын ашу, терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу және онымен күресудің жолдары, елімізге келтіретін зардаптардан жан-жақты талдап, қатер төндіретін жат діни ағымдардан сақ болу, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатына мән берілді.

Сондай-ақ, А.Фердауси атындағы №24 жалпы білім беретін мекемесінде педагог-психолог, дінтану, тарих пән мұғалімдерінің қатысуымен 9-10-11 сынып оқушылары арасында «Діннің рухани байлығы» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу, оқушылардың діни көзқарастарын қалыптастыру, осы мақсаттарға сүйене отырып, оқушылардың бойларында «Экстремизм», «Терроризм» ұғымдарына деген теріс көзқарастарды қалыптастырып, қоғамдағы, адам санасын улап жатқан діни ағымдар жайлы тусіндірме жұмыстарын жүргізу болды. Кездесулер барысында оқушылармен діни экстремизм және терроризмнің алдын алуға байланысты сұрақтар қаралып, талқыланды.

Осындай іс-шаралар аясында «Алғабас» мешітінің имамы Алихан Байменов аудандық білім бөліміне қарасты «Береке» жалпы білім беру мекемесінде «Діни экстремизім және нашақорлыққа жол жоқ» тақырыбында кездесу өткізді. Бұл шараға осы білім беру мекемесінің ұстаздары мен оқушылары қатысты. Кездесу барысында дін қызметкері – жастар арасында әлеуметтік желіге деген қызығушылықтары басым екендігін айтып, ғаламтордағы діни материалдармен танысу барысында еліміз аумағында тиым салынған діни уағызшылардан сақтану қажеттілігін тілге тиек етті және нашақорлықтың, құмар ойындардың, спиртті ішімдіктердің адам ағзасымен қоса өміріне де қауіпті екендігін түсіндірді. Оқушылар тарапынан қойылған сауалдарға жан-жақты жауап берді.

ДІНИ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ – БАСТЫ МАҚСАТ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған