Бүгінгі таңда білім беру жүйесі жаһандық өзгерістер кезеңін бастан өткеруде. Ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы, жасанды интеллект мүмкіндіктерінің кеңеюі, цифрлық ресурстардың көбеюі – мұның барлығы мектептің жұмыс форматына, мұғалімнің рөліне және оқушының оқу дағдысына түбегейлі өзгеріс енгізуде.

Қ.Сәтбаев атындағы №48 ЖББМ ұжымы үшін сапалы білім беру – басты құндылық. Ұлы ғалым, академик Қаныш Сәтбаев есімін иеленген білім ордасы ретінде біз жаңашылдық пен ғылымға негізделген дамуды негізгі бағдарымыз деп білеміз. Сондықтан мектепте цифрлық сауаттылықты арттыру, заманауи білім беру платформаларын тиімді пайдалану және оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Цифрлық білім беру – тек техникалық құралдарды қолдану емес. Бұл – оқушының сыни ойлауын, ақпаратты саралау қабілетін, өздігінен білім алу дағдысын қалыптастыру. Бүгінгі оқушы – ертеңгі ел тізгінін ұстайтын азамат. Сондықтан біз білім мазмұнын өмірмен байланыстырып, теория мен практиканы ұштастыруға ерекше мән береміз.
Мектебімізде интерактивті оқыту әдістері, жобалық жұмыстар, STEM бағытындағы сабақтар кеңінен енгізілуде. Мұғалімдеріміз үздіксіз кәсіби даму жолында еңбек етіп, цифрлық құралдарды тиімді қолдану арқылы әр баланың қабілетін ашуға күш салуда.
Білім сапасын арттыру – тек мектептің ғана емес, ата-ана мен қоғамның да ортақ міндеті. Осы бағытта біз ашық диалог орнатып, серіктестік мәдениетін қалыптастырудамыз.
Қорытындылай келе, цифрлық трансформация жағдайында басты мақсат – технологияны емес, тұлғаны дамыту. Жаңашылдыққа ашық, білімді, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу – біздің басты миссиямыз.
Дамира Ахылбаева,
Қ.Сәтбаев атындағы №48 ЖББМ директоры.
