
Цифрлық сауаттылық ақпараттық қоғамдағы қауіпсіздіктің негізі.
Сандық технологияларды тиімді қолдану бәсекеге қабілеттілікті арттырады. Осындай технологиялар қатарына сыни тұрғыдан ойлау үшін оқу мен жазу дағдыларын қалыптастыруға тиімді технологиялар мен платформаларды атап өтуге болады. Өз сабағымда қолданған әдіс тәсілдермен бөліссем, «керек адам керегіне жаратар, керек болмаса өз сөзім өзімде қалар» деп Абай атамыз айтқанындай қолданған әдістердің тиімділігі әріптестерімнің де керегіне жарар деген ойдамын.4-сыныпта Қазақ тілі пәнінен «Етістік туралы білетінімді еске түсіремін» тақырыбында өткен ашық сабағымда қолданылған «Әмиян» әдісі, «Тез ойла,сөз ойла» әдісі, топтық жұмысты жүргізуге қолданған «Қарқын» әдістерін қолданып оқушыларды бәсекеге түсіріп, белсенді түрде сабаққа қатыстырғаным айтылған пікірімнің дәлелі.

ХХІ ғасыр өзгерісті қажет ететін заман. Осы заманның ағымына ілесіп, көш соңында қалмай білім көшін бастауға қабілетті ұрпақ дайындау – әрбір ұстаздың басты міндеті. Осы мақсатта сабағымда қолданған Objectviewerплатформасы жұптық жұмыс жасауда өте тиімділігін көрсетті. Білім алушылар бұл платформа арқылы сыни тұрғыдан ойлана отырып, өз ойларын, жауаптарын нақты түрде айта білді. «Мектеп кеме, білім теңіз» болса, жаңашыл,талапты,ізденімпаз ұстаз осы кемені басқарушы. Өмірге қадам басқан жас ұрпақтың адаспай өмірден өз орнын таба алатын, алған білімін өмірде қолдана алатын тұлға болып қалыптасуына ықпал болатын тұлға -ұстаз екені дәлелденген. Сандық технологиялар заманында еңбек етіп жатқан біздер, жас ұрпаққа жаңа технологиялардың тиімділігін үйретуде шамшырақ бола білуіміз керек.
Н.И.МУРАТОВА,
№ 44 «Жаңа дала» жалпы білім беретін
мектебінің бастауыш сынып
мұғалімі.