«Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген екен дана халқымыз. Сондықтан да, ұлттық құндылықтарымызды оқу-тәрбие процесіне енгізу арқылы ұлттың тұнып тұрған асыл мұраcын, қазынасын қорғайтын, бойында ұлттық санасы қалыптасқан тұлғаларды тәрбиелеп шығару – жалпы ұлттың алдында тұрған міндет мына біздің мойнымызда деп ойлаймын. Біз бүгінгі ұрпағымызды ата-бабамыздан қалған бай мұрамыз салт-дәстүрлерімізбен, мәдени құндылықтарымызбен таныстыруымыз керек.

Дана халқымызда «Ағаш түзу, әдемі болып өсу үшін оны көшет кезінде баптау керек, ал қисық ағаш болып өскенде оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Адамгершілік тұрғыдан құнды қасиеттері бар, рухани бай тұлғаны қалыптастыру сәби кезінен бастау алатыны белгілі. Балабақша қабырғасынан бастап Отан, ел, жер ұғымының киелілігін білу,  салт-дәстүр, ұлттық құндылықтарымызды бойына сіңіріп өсіру – ең басты қағидат.

Биылғы оқу жылында «Құндылыққа негізделген білім беру балабақшада» атты инавациялық жобамен жұмыс жасауда. Жобаның басты мақсаты: Үлкенге құрмет, кішіге қамқор бола білетін жеке тұлғаны қалыптастыру. Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, заманауи білімдерді меңгерген, салауатты ұрпақ тәрбиелеу.

Осыны негізге ала отырып, біз өз тәрбиеленушілерімізге ұлттық құндылығымызды сақтап қалуда бірнеше іс шаралар жүргізіп отырмыз.

Себебі балаларға отансүйгіштік, азаматтық тәрбие беруде, ертеңгіліктер, ұлттық ойындар, ұлттық аспаптармен әндер, ұлттық салт- дәстүрлер басқада іс шаралардың маңызы зор.

Сол іс-шаралардың ұлттық құндылықтарымызды насихаттауға арналған  ою-өрнектер.

Сабақ барысында тәрбиешілер балаларға қазақтың ұлттық ою-өрнек түрлерімен таныстырылды. Ою-өрнектер латынның орнамент – әсемдеу, сәндеу деген сөзінен шыққанын, қазақтың ою-өрнектерінің түрлері де, атаулары да көп, 360-қа тарта түрлері бар екенін атап өтті. Ою-өрнек өнері ғасырлар бойы қазақ халқының бейнелеу өнерінің жеке түрі болып келеді. Үй ішінің тұрмысына қажетті заттарды, ұлттық киімдерді, бұйымдарды әшекейлеу үшін қолданған. Ою-өрнектерді – жануарлар, өсімдіктер, геометриялық пішіндерге ұқсап келеді. Бүгін біз ою-өрнектің осындай түрлерін өтеміз: «Қошқар мүйіз», «Сынық мүйіз», «Итқұйрық», «Ботакөз», «Таңдай», «Қос дөңгелек» деп егжей-тегжейлі тәрбиешілер түсіндіріп өтті.

Сонымен қатар, балабақшада көрмелер, театрландырылған қойылымдар ұйымдастыру дәстүрлі өткізіледі. Сондай ақ ертеңгіліктер мен мерекелік іс шаралардың да маңызы зор. Қазақ этнапедогогикасы негізінде балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде ұйымдастырылған  оқу, серуендер,саяхаттар, ойын-сауықтар, ертеңгіліктер т,б бұл істің арқауы саналады. Балалар іс-шаралардың барлығында белсенділік танытады.

«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» демекші, ел болып, ұлт болып қаламыз десек, «Ұлттық тәрбие» балабақшалардан бастау алары сөзсіз.

Данышбекова Динара Кураловна,

Түркістан облысы, Келес ауданы,

Ақтөбе ауыл округі.

Бозсу елді мекені.

«БАЛАБАҚШАДА ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТЫ НАСИХАТТАУ»

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған