МКҚК «Наурыз» бөбекжай-бақшасында Жетісай ауданы бойынша мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2025-2029 жылдарға арналған даму жоспарында қойылған тапсырмаларға сәйкес «Ассистент – ата-ана» жобасы жоспарлы түрде жүзеге асырылып келеді.

Мектепке дейінгі ұйым мен отбасы арасындағы ынтымақтастық баланың толыққанды тұлға болып қалыптасуында үлкен рөл атқарады. Осы бағытта бөбекжай-бақшамызда 2025–2026 оқу жылына арналған «Ассистент – ата-ана» жобасы жоспарын түзіп, оқу жылы басында жобаның мақсат- міндетімен ата-аналарды таныстырдық.
Жобаның басты мақсаты – ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыру, олардың тәрбие мен оқыту процесіне белсенді араласуын қамтамасыз ету.
Жоба аясында жыл бойы ата-аналармен әртүрлі бағыттағы жұмыстар жүргізілуде:
– Тәрбиешілер мен ата-аналардың бірлескен іс-шаралары ұйымдастырылды;
– «Қуаныш сыйлайық», «Мерекелік көрме», «Жылулық шуағы», «Жақсылыққа жарысайық» сияқты акциялар мен жобалар өткізілді;
– Ата-аналар «Ассистент» рөлінде балалармен бірге сабақтарға, сергіту сәттеріне, ойындарға белсене қатысты;
– «Мен отбасымды сүйемін», «Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі» атты әңгімелер, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды;
–Тәрбиеші мен ата-ананың тығыз байланысы нәтижесінде балалардың әлеуметтік белсенділігі, қарым-қатынас мәдениеті мен жауапкершілігі артты.
Сонымен қатар, ата-аналарға арналған кеңестер, буклеттер мен ақпараттық бұрыштар әзірленіп, педагогикалық қолдау көрсетілді. Балабақша ұжымы мен ата-аналар арасында өзара сенім мен серіктестік орнады.
Жоба барысында:
– ата-аналардың балабақша өміріне қатысу белсенділігі артты;
– педагогтер мен ата-аналар арасында эынтымақтастық пен түсіністік нығайды;
– балалардың тәртіп, қарым-қатынас және өзін-өзі ұстау дағдылары оң өзгеріске ұшырады;
– ата-аналар педагогикалық мәдениет элементтерін меңгеріп, бала тәрбиесінде жауапкершілік танытты.
«Ассистент – ата-ана» жобасы балабақша мен отбасы арасындағы серіктестік қатынасты нығайтып, тәрбиелеу ісінде жаңа серпін берді. Алдағы уақытта жобаны кеңейтіп, тәжірибе алмасу, ашық есік күндерін ұйымдастыру және үздік ата-аналарды марапаттау жоспарланып отыр.
Б.БЕСБАЕВА,
МКҚК «Наурыз» бөбекжай- бақшасының меңгерушісі.
