Мақсаты: Балаларды халқымыздың ізгі қасиеттері имандылық, инабаттылық, іскерлік негізінде тәрбиелеп, әже өнегесінен үлгі алуға, тәрбиелік мәні бар салт-дәстүрлерді бойына сіңіруге баулу; баланы кішіпейілдікке тәрбиелеу;қарт адамдарды құрметтей білуге үйрету.

1) Әжелерді қарсы алу(шашу,әуенмен қарсы алу)
2)Баланың әжелердің қолына су қуюы(Әдептіліктің белгісі)
3)Әжелерді ортаға отырғызу(сахна төріне)
Жүргізуші:Армысыздар құрметті қонақтар, Әжелер, аналар, сүйкімді қыздар!


Өмірдің иесі сен, ғазиз Ана.
Келтірген дүниеге нелер дана.
Анасыз батыр да жоқ, ақын да жоқ,
Өмірдің алтын кілті сонда ғана.
Осы әдемі жыр жолы адамның Анаға айтар лебізі- деп, біздің «Нұр-Асықата» бөбекжай балабақшасының асыл әжелері мен қыздарының өнерін үлгі етуге арналған «Әжелердің өшпейтін өнегелі үлгісі» атты іс-шарамызға қош келдіңіздер!
Жүргізуші:
Ақ сүт берген аналардың анасы – әже әрқашанда балалық балдәуреннің басы- қасында болатын ақылшы, тәрбиелеуші. Әжелер өнері, әжелер мектебі, олардың өнегесі –бүгінгі қоғамда баға жетпес байлық, бойға тереңнен сіңіретін тәрбие құралы.
«Жан жүрегім, жарығым» деп әже немересін шөбересін жүрегіне теңейді, өмірден жиған барлық ғибратын бүлдіршінді тәрбиелеуге арнайды. Ата жолын қусын деп адал еңбекке, мейірімді болсын деп қайырымдылыққа баулиды. Әженің әңгімесі мен ертегісін тыңдау, өнегесін үйрену, ақылын жадында тоқу-ұрпақ міндеті. Ол киелі, қасиетті, ардақты жан.
Ал енді, әжелеріміздің қадамы құтты болсын деген ниетпен әжелер мен немерелерін таныстырып өтейін.
1) Бәйтерек тобынан Суханова Гулханым
2) Гүлдер тобынан Сейтжанова Айжан
3) Ақ көгершін тобынан Ахметова Хадиша
4)Айгөлек тобынан Ажиханова Қалипа
5)Балапан тобынан Еркеева Бота
Құрметті әжелер сіздерден алатын тәлім тәрбиеміз өте көп.Бүгінгі айтулы іс-шараға ұлттық өнерді әжелерден мұра ететін көріністерді тамашаласақ!
Әжелеріміздің үлгі өнегесі
1)Тоқыма
2)Жүн сабау
3)Ұршық үйіру
4)Құрақ құрау
5)Ою-өрнек
Жүргізуші:Керемет,тамаша әжелер енді кезекте қыздарымыздың сіздерге арнаған биі бар екен олай болса ортаға қыздарымызды шақырып тамашаласақ!
Жүргізуші:Тамаша,жарайсыңдар қыздар!
Жүргізуші: Ал ендеше Әжелерлердің немерелеріне арналған ертегілерін тыңдасақ!
Жүргізуші: Қандай керемет әжелер!
Енді ортаны ашайық,
Інжу-маржан шашайық.
Күй мен биді шалқытып,
Ән маржанын шашайық,-деп балалардың сіздерге арнаған әндері бар екен олай болса,әнге кезек берейік.
Бәйтерек тобының ұл-қыздары «Жақсы көрем атамды,жақсы көрем әжемді» Ән
Жүргізуші: Сонымен, «Әжелердің өшпейтін өнегелі үлгісі» атты іс-шарамызда өз мәресіне келіп жетті.
Осымен бұл қызықты тамамдасақ,
Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ.
Үйрендік білмегенді осы жолы,
Тағы да үйренеміз аман болсақ.
Балқаймақ әже, қыздарымызға сырға толы әңгіме шертетін, тойға барса қасына ертетін, әжелеріміз аман болсын дейміз. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз.
Келесі кездескенше аман сау болыңыздар!
Пернегүл Рахымжанқызы Айтхожаева,
МКҚК «Нұр Асықата «бөбекжай-бақшасының әдіскері.