Кез-келген білім – адамдардың белгілі бір жүйедегі ұғымдарының, деректері мен пайымдауларының жиынтығы болғандықтан үнемі ізденіс пен дамуды қажет ететіні белгілі. Өйткені, адамзат мәдениетінің ең ауқымды ұғымдарының бірі де осы білім саласы.
       Сол себепті де бүгінгі таңда  бұл салаға үлкен көңіл бөлініп, болашақ ұрпақтың заман талабына сай білім алуына кеңінен жағдайлар жасап талантты да талапты бүлдіршіндердің басын қосқан, бағыт-бағдарын айқындайтын «Жан Ару» бастауыш мектебі бүгін ресми түрде өз жұмысын бастады. Мектепке дайындық, 1 – 4 сынып оқушыларына заман талабына сай сапалы білім мен саналы тәрбие беретін 235 орындық жекеменшік мектепте қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде дәріс өтеді.
       Осы жаңа білім ұясының ашылу салтанатына – Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Тұрышбек Елшібаев пен аудандық мәслихат депутаты Эльмира Темірбаева, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Айтбай Маханбет пен аудандық іскер әйелдер қоғамдық бірлестігінің төрайымы Набаткүл Байтанаева мен көптеген ата-аналар қатысты. Сөзге шыққан азаматтар ұстаздар қауымына, әлемдік стандарттарға сай жаңа білім беру бағдарламасын, заманауи озық тәжірибелерді қолдана отырып білім сапасын арттыруға шақырса, ал оқушыларды халықаралық деңгейге шығарып, креативті ойлау көзқарастарын қалыптастыру жолындағы қажырлы еңбектеріне сәттілік пен табыс тіледі.
       Ерекше айта кетерлігі  – мұндағы оқушылардың білім кеңістігінде ойдағыдай нәтижелерге қол жеткізулері үшін барлық жағдайлар жасалып, тегін оқулықтармен, көлік тасымалымен және күнделікті 2 мезгіл ыстық тамақпен қамтылған. Оқушы мен мұғалім арасында қарама-қайшылықты болдырмау, білім алу барысында жайсыздықтарға жол бермеу, оқушының білім алуға деген құштарлығын арттыру мақсатында, бүлдіршіндердің сабақтан тыс уақыттарын тиімді пайдаланулары үшін қосымша би, ән-саз, бейнелеу үйірмелері, шахмат, тоғызқұмалақ пен футбол секілді спорттық, пәндік үйірмелер жұмыс істейді.
АУДАНЫМЫЗДА  ЗАМАНАУИ ҮЛГІДЕГІ МЕКТЕП АШЫЛДЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған