Жетісай аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Ермеков Мұрат Мұхтарұлы аудан журналистерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында полиция басшысы қоғамда орын алып жатқан өзекті мәселелерге кеңінен тоқталып, әсіресе интернет алаяқтықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтардың жолын кесу бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Сондай-ақ, кездесуге қатысқан журналистердің қойған сұрақтарына нақты әрі жан-жақты жауап беріп, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.

Дина УТЕБАЕВА,

Жетісай ауданы.

Аудан журналистерімен кездесу өткізді

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған