Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов «AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалының ғимаратында,  аудан тұрғындарына қоғамдық қабылдау өткізіп, олардың жеке және қоғамдық мәселелерінің шешілуіне ықпал етті.

Осы аталмыш қабылдауға аудан әкімінің орынбасарларымен қатар аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов пен «AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалының төрағасы Асқар Қайназаров, аудан прокурорының орынбасары Ырысбек Намазов пен аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары Мейірхан Құрбанбаев, дербес бөлімдер мен денсаулық сақтау мекемелері, білім бөлімі басшылары, бірнеше әкімдер қатысты.

Аудан басшысының  қабылдауына алдын ала жазылып келген тұрғындардың басым бөлігі тұрғын үй алу және оның кезегі, елді мекендердегі көшежарықшамдары мен ауыз су, газдандыру, елді мекен ішіндегі тік дренажды ұңғымаларды іске қосу, ауданның құрметті азаматы атағын алу мен көшеге ат беру, әлеуметтік көмек алу, санитарлық тазалық секілді мәселелер бойынша өтініштерін айтты.

Тиісті сала мамандары тарапынан айтылған өтініштер мен ұсыныстар бойынша заң аясында кеңестер беріліп, мәселені шешу жолдары ұсынылды. Тұрғын үй алу және оның кезегі заңға сәйкес берілетіні, елді мекендерді ауыз сумен және табиғи газбен қамтамасыз ету, жарықтандыру мен жол салу жұмыстары бюджеттің мүмкіндігіне қарай кезең-кезеңімен жүзеге асырылатыны, елді мекен ішіндегі тік дренажды ұңғымалардың қажеттілігіне қарай іске қосылатыны, құрметті азамат атағы мен көше атауларын өзгерту жұмыстары арнайы комиссия шешімімен берілетіні түсіндірілді. Ал, санитарлық тазалықты сақтауға тек мемлекеттік және квазимемлекеттік мекеме қызметкерлері ғана емес, жергілікті тұрғындар да тұрақты түрде атсалысуы керектігі айтылды.

Аудан тұрғындарын қабылдау барысында Серік Үсенұлы олар тарапынан  айтылған өтініштердің орындалуы бойынша жауапты сала басшыларына арнайы тапсырмалар беріп, мүмкіндігінше заң аясында қанағаттандыруды тапсырды.

Жетісай ауданы.

АУДАН БАСШЫСЫ «AMANAT»-ТА АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ                                                                               

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған