Жетісай ауданында техникалық дақыл саналатын мақтаны егетін шаруалардың еңбегін бағалауда және осы өнімді жинауда орын алуы мүмкін заңсыздықтардың алдын алу мақсатында мақта саласы бойынша күзгі жиын-терім науқанында жұмысшы тобы құрылған болатын. Аталмыш топқа – аудан аумағындағы мақта өңдеу зауыттары мен мақта қабылдау бекеттеріндегі зертханалар мен таразыларға тиісті бақылау жұмыстарын жүргізу міндеттелген.

Аталмыш топтың жұмысына талдау жүргізу мақсатында аудан басшысы Серік Мамытов пен аудандық мәслихаттың төрағасы Медет Алмасбекұлы аумақтағы бірнеше мақта өңдеу зауыттарында болып, зауыт басшыларымен кездесулер өткізді. Оларға шаруаларға өткізген мақтатарының ақшасын уақытылы төлеп, созбалаңға салмауды, мақта қабылдау бекеттеріндегі таразыдан алдау, зертханаларда мақта сапасын қасақана төмендету секілді жағдайларға жол берілмеу керектігін, заңсыздықтар орын алған жағдайда құзырлы органдар тарапынан тиісті шаралар көрілетіндігін қатаң ескертті.

Бүгінде аудан аумағында орналасқан мақта қабылдаушы 7 мақта өңдеу зауыттары мен 77 мақта қабылдау бекеттерінің 53-і Жетісай ауданында орналасқан мақта өңдеу зауыттарына қарасты болса, қалған 24-і Мақтарал ауданына тіркелген мақта өңдеу зауыттарына тиесілі.

Айта кетерлігі биылғы жылы 43,1 мың гектар суармалы алқапқа мақта дақылы егілген ауданымызда күзгі жиын-терім жұмыстары үшін – 715 дана трактор, 897 дана трактор тіркемелері, 61 дана дәрілегіш «ОВХ» агрегаты және де 239 дана мақта терім машиналары жұмылдырылған.

«Бекет ақпарат».

АУДАН БАСШЫЛАРЫ БІРНЕШЕ МАҚТА ЗАУЫТТАРЫНДА БОЛДЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған