Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісіне аудан әкімінің орынбасарлары мен қала, кент, ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары мен аудандық полиция бөлімінің, аудандық ауруханалар мен «Мансап» орталығының, аудандық кірістер басқармасының басшылары қатысты.
Мәжілістің күн тәртібінде бекітілген негізгі мәселелер – Асықата кентінен индустриялды аймаққа бөлінген 50 га жерді мемлекетке қайтару және Ж.Ералиев ауылдық округіне қарасты Арай елді мекенінің шекарасын кеңейту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар бойынша аудан әкімінің орынбасары Тұрышбек Елшібаев пен аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Берік Мамбетов баяндама жасаса, аудандық «Жетісай» орталық ауруханасының бас дәрігері Нұрлан Жолдасбеков міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін жүзеге асыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен қолбайлау болып отырған мәселелерге тоқталды.
Сонымен қатар, аппарат мәжілісінде аудандық «Мансап» орталығының директоры Олжас Қаныбеков пен аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Данияр Толыбаев Ұлттық жоба аясында ауданда халықты жұмыспен қамту бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды айтса, құрылысы жүріп жатқан арендалық үйлердің жағдайы жайлы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Мырзабек Абишев, «Таза Қазақстан» акциясы аясында жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Берік Мамбетов, «Ауыл аманаты» жобасының іске асырылу жағдайы бойынша аудан әкімінің орынбасары Тұрышбек Елшібаев баяндама жасады. Атқарылған жұмыстар мен атқарылатын жұмыстарды саралап, жоспарлардың орындалу мерзімдерін талқылады. Қойылған сұрақтарға жауап беріп, ұсыныстарды тыңдады.
Жиын соңындаоблыс басшысы барлық әкімдер мен бөлім басшыларына өздеріне жүктелген міндеттер мен тапсырмаларды мезгілінде аяқтап, жауапкершілікпен қарауды тапсырды.