
«Көгершін» ересек тобы
Мақсаты:
- мерекелік көңіл-күйін құру;
- ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру;
- балалардың назарын жалпы әрекетте қатысу тілегін қалыптастыруға эмоциялық қабылдауын ынталандыру;
- өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу.
Кейіпкерлер: Жүргізуші, «Көктем-Ханшайымы»

Ертеңгілік өткізуге қажетті құрал-жабдықтар: Безендірілген әсем зал, гүлдер, құмыра, сыйлықтар, әсем әндер жазылған үнтаспа, т.б
Ертеңгіліктің барысы:Төрт бала ортаға шығып сөз алады.
Ерсайын: – Құрметті аналар, аяулы әжелер, сұлу қыздар! Көктемгі күндей құлпырып тұрған, гүлдей құлпырып тұрған бүгінгі мерекеңіз құтты болсын!
Алихан: Аналар! Сіздерге мықты денсаулық берсін! Әлемдегі барша жақсылықты тілесек те аз, шуақтарыңызды шашып ұзақ өмір сүріңіздер!
Еркебұлан: – Дорогие мамы, бабушки и девушки от всего сердца поздравляю вас с праздником! Желаю вам крепкого здоровье, счастье и успехов!
Бақжан: – Аналар! Бізді ортамызда шаттыққа кенеліп, бақытқа бөленіп жүре беріңіздер!
Тәрбиеші:
Құрметті аналар, әжелер сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі – 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймыз! Алғашқы көктем мерекесі Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке! Әлемдегі ең асыл жан ол – Ана десек, жүрегімізде сүйікті жанға деген махаббат сезімі оянады. Ана бұл аяулы да мейірімді жан. Баланың тілі шыққаннан – ақ бірінші сөзін «Ана» деп айтады. Өмірдің есігін ашқаннан соң осы өмірдегі өзіңнің жан анаңды көресің. Осы бір «АНА» деген үш әріптің аясында адамзат баласын қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңші!
Ару — ана, Ару — асыл жар, Ару – көңілдің гүлі, Ару — өмірдің жыры, тіпті айта берсең сөз жетпейді. Олай болса, бүгінгі аналарға, әжелерімізге арналған «Көгершін» тобының бүлдіршіндерінің «Ана – гүл, ана- жыр, ана – өмір шуағы!» ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
(Ортаға балалар музыка ырғағымен қол ұстасып шығады. Ұлдар қыздарға гүл шоқтарын ұсынады. Сол гүлмен қыздар гүлдер биін билейді)
Би: «Гүлдер» қыздар тобы
Тәрбиеші: – Балалар, айналаға көз салайықшы. Көктем күн шуағын төгіп тұр. Көктемгі күннің шуағынан гүлдер қауызын ашып, жадырап, жарқырайды.Айнала толған қызыл—жасыл гүлдер. Біз гүл бағына келген сияқтымыз….
(музыка әуенімен көктем кіреді)
Көктем ханшайымы: Сәлеметсіңдерме балалар, мен көктем ханшайымымын. Менің ғажайып гүл бағыма қош келдіңдер.
Тәрбиеші: Бүгін біздің аналарымыздың, әжелеріміздің мерекесі. біздің балалар аналарына арнап ән кешін сыйламақ.
Көктем ханшайымы:
Қош келіпсіз ақ жаулықты әжелер мен аналар!
Жүздерінен мейіріммен нұр тамар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді!
Би биленіп, ән де бүгін шырқалар!
Көктем ханшайымы:
Балалар!Ғажайып бақтың алғашқы гүлін сыйға тартайын. Бұл сиқырлы гүл, барлық тілектерімізді орындайды. Ол үшін гүл желектерінен сұрайық…
1.Біз бірінші гүл желегін жұлайық,
Ақ тілекті гүл желектен сұрайық.
Тобымыздың әншілері, Орнымыздан тұрайық.
Мейірімді аналарға, әсем әнді сыйлайық!
«Хор: «Аяулы анашым».
Тәрбиеші:
2.Ұш, ұша түс гүл желек,
Бақшамызға қон желек.
Баршаңызға аналар!
Зор денсаулық біз тілейді.
Қазір шығып ортаға, балалар би билейді.
Би: «Көк жигули»
Тәрбиеші:
3.Біз үшінші гүл желегін жұлайық,
Батыстан асып, шығысқа,
Ұшып бар деп сұрайық.
Аяулы ана, асыл әже,
Тақпақтарды біз сіздерге арнайық…..
Балалр тақпақтары.
Тәрбиеші:
Аяулы аналар! Сіздердің қамқорлықтарыңызда шек жоқ. Әрқашан аялы алақандарыңызбен ыстық бауырсақтарыңыз бала үшін дайын .Бүгін балаларыңыздың шапшаңдығын сынайық …Ендеше кезекті ойынға берейік… Ойынымыз «Кім жылдам?» деп аталады.
Тәрбиеші:
5. Гүл желектің біреуін,
Қане, жұлып көрейік.
Сізге бүгін сый—құрмет,
Жан аналар мерейім.
Келіпті бізге қонаққа,
Әжелер де мейірлі,
Әжелерімізге арнаған хорымызды қабыл алыңыздар!
Хор. «Әжетайым»
Балалр тақпақтары.
Тәрбиеші:
6. Ақ арманды гүл желектен сұрайық
Ол үшін біз тағы бірін жұлайық
Ананың — біз гүліміз,
Ана – біздің күніміз!
Тек сіздерге арналады,
Міне, біздің биіміз!
Би: «16 Қыз»
Балар тақпақтары.
Ұлдар биі: «Флешмоб»ұлдар тобы
Тәрбиеші:
Дүниедегі ең аяулы жан – ана. Ең қастерлі жан да ана! Ана бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді. Ендеше ортаға Алинұр ұлдарыңыздың «Ана» әнін қабыл алыңыздар.
Ән: «Ана»
Көктем ханшайымы:
Аналардың мейірімі ерекше,
Талпындырған асулар мен белеске.
Аямаған шуағы мен жан нұрын,
Берші анама бар жақсылық, тәңірім!! – деп тілей отырып, сіздерге арналған сыйлығымызды табыс етейік… (сыйлықтарын аналарға береді)
Тәрбиеші:
Астанамыз тұнып тұрған бау болсын,
Сүті теңіз, еті ерен тау болсын,
Бала үшін түн ұйқысын төрт бөлген,
О, аналар!! Дендеріңіз сау болсын!! Мерекелеріңіз мәңгілік болсын!
Жетісай ауданы, Қазыбек би ауылы, Қазыбек би а/о
МКҚК «Бейбарыс» бөбекжай-бақшасы.