Күз – табиғаттың ерекше бір ғажайып мезгілі. Сары, алтын түске боялған жапырақтар, мол өнім мен берекенің белгісі болған бұл мезгіл бала жүрегіне шаттық сыйлайды. Осы орайда “Намира апа” бөбекжай-балабақшасында “Алтын күз” атты тәрбиелік іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты – бүлдіршіндерге күз мезгілінің ерекшеліктерін таныту, табиғатты аялауға, еңбекқорлыққа және эстетикалық талғамды қалыптастыруға баулу болды. Балалар күз туралы тақпақтар айтып, ән шырқап, түрлі көріністер арқылы өз өнерлерін ортаға салды. Әсем безендірілген зал, күзгі өнімдерден жасалған көрмелер мерекеге ерекше сән берді.

Бүлдіршіндердің жүзінен қуаныш пен қызығушылықты көру – әрбір тәрбиеші үшін үлкен бақыт. Балалар күз патшайымын қарсы алып, оның сыйлықтарына қуанып, табиғаттың байлығын сезіне білді. Бұл мереке олардың шығармашылық қабілеттерін дамытып қана қоймай, бір-біріне деген достық пен ұйымшылдықты нығайтты.

Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар арқылы балалардың жан-жақты дамуына жол ашылып, табиғатқа деген сүйіспеншілігі арта түседі. “Алтын күз” мерекесі бүлдіршіндердің жүрегінде ұзақ уақытқа сақталатын жарқын әсер қалдырды.

Мырзабасиева Жадыра Ерубаевна,
“Намира апа” бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі.

АЛТЫН КҮЗ – БАЛАЛАР ҚУАНЫШЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған