
«Намира апа» бөбекжай балабақшасында «Алтын күз» – балғын балалықтың жарқын мерекесі ортаңғы «Балауса» тобының тәрбиеленушілерімен біргелікте «Алтын күз» атты ертеңгілігін өткіздім.
Күз – табиғаттың түрленіп, айнала алтын түске боялатын ерекше мезгіл. Осы әсем кезеңге арналған ертеңгіліктің негізгі мақсаты – балаларға күз мезгілінің ерекшеліктерін таныту, табиғатты аялауға, әсемдікті сезінуге және өнер арқылы өз ойын жеткізе білуге баулу болды.
Ертеңгілік салтанатты түрде ашылып, оны ортаңғы «Балауса» тобының жетекшісі Ботабекова Фатима Сапарбековна жоғары деңгейде жүргізді. Балалар күз туралы тақпақтар айтып, әсем әндер орындап, көңілді билер биледі. Әрбір бүлдіршіннің сахнадағы қадамы олардың шығармашылық қабілетінің артып келе жатқанын көрсетті.
Шара барысында балалардың өз-өзіне деген сенімі нығайып, ұжыммен жұмыс істеу дағдылары қалыптасты. Мерекелік кешке қатысқан ата-аналар балалардың өнеріне ерекше риза болып, жылы лебіздерін білдірді.
Осындай тәрбиелік мәні зор мерекелік шаралар балалардың жан-жақты дамуына, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруіне және балабақша өміріне деген қызығушылығын арттыруға зор үлес қосады.
Елибаева Рыскул Тастанбековна,
«Намира апа» бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі.
