Қазіргі таңда жас ұрпақ тәрбиесінде ұлттық құндылықтарды дәріптеу – аса маңызды міндеттердің бірі.Осы орайда «Бибіхан» балабақшасында «Әкелер мектебі» аясында тағылымы мол, тәрбиелік мәні зор іс-шара ұйымдастырылды.

Аталған шараның басты мақсаты – әке мен бала арасындағы байланысты нығайту, сондай-ақ балаларға халқымыздың салт-дәстүрін, ұлттық мұрасын таныстыру болды.Іс-шараға үш тәрбиеленушінің әкелері арнайы қатысып, өздерінің білгенін ортаға салып, бүлдіршіндерге өнегелі тәрбие көрсетті.

Шара барысында Заңғардың әкесі Қазыбек мырза киіз үйдің құрылымымен таныстырып, оның әрбір бөлшегінің мән-мағынасын кеңінен түсіндіріп берді.Балалар ұлттық баспанамыздың ерекшеліктерімен танысып, үлкен қызығушылық танытты.

Ал Муслимнің әкесі Әсет мырза қазақ халқының көне бұйымдарының бірі – қамшының түрлері мен қолданылу ерекшеліктері туралы айтып өтті.Қамшының тек құрал ғана емес, ұлттық символдардың бірі екені балаларға түсінікті түрде жеткізілді.

Сонымен қатар, Мейіржанның әкесі Ержан мырза заманауи технологиялар дәуіріне тоқталып, жасанды интеллект пен робот техникасының мүмкіндіктерін көрсетіп, балаларға қызықты әрі танымдық мәліметтер ұсынды.Бұл бөлім балалардың заманауи білімге деген қызығушылығын арттырды.

Іс-шара соңында балалар ұлттық ойындар ойнап, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.Мұндай шаралар арқылы бала бойына ұлттық рух сіңіріліп, ата-ана мен балабақша арасындағы байланыс нығая түседі.

Осындай тәрбиелік мәні зор кездесулер алдағы уақытта да өз жалғасын табады деген сенімдеміз.

Кожабаева Мөлдір Арыстановна,

«Бибіхан» балабақшасының тәрбиешісі.

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Атакент кенті.

ӘКЕЛЕР МЕКТЕБІ – ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ҰЙЫТҚЫСЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған