Сарапшылардың айтуынша АЭС өндірген электр қуаты – базалық электр энергиясы болып табылады екен. Ол әлемде солай дәлелденген, себебі оның пайдалы әсер коэффициенті (ПӘК-КПД) – 90 пайызға дейін. Ол тәулік бойы жұмыс істеп, тоқтасуыз өнім бере алады.
Бағасы да көмірдің құнындай құбылмалы емес. Оның үстіне ядролық отынды қазір Қазақстанның өзі өндіріп жатыр. Демек, АЭС дәстүрлі станцияларға қарағанда, кемінде 60 жыл тұрақты жұмыс істейді. Қажеттілігіне қарай пайдалану мерзімін 100 жылға дейін созуға болады. Құрылысқа жұмсалған шығын ақталған соң тариф құны да жылма-жыл қымбаттамайды, керісінше тұрақталады. Әрине, инвестор белгілі бір уақытта өз шығынын өтеп алған соң АЭС толықтай Қазақстанның иелігіне өтеді.
Қазір әлемде 3 және 3+ буындағы реакторлар ең қауіпсіз құрылғылар деп саналады. Бүгінде осындай реакторлар 30 шақты мемлекетте жұмыс істеп тұр. Күні бүгінге дейін олардың ешқайсысында апатты жағдай болған жоқ. Сондықтан, күмән келтіріп, қауіптену бұл жерде артық деуге болады.
Өміржан ЖОЛБАРЫСҰЛЫ,
Асықата кенті.