Қазіргі күні елімізде АЭС салуға бір­неше себеп бар. Біріншіден, елдің экономикалық өсуі мен халық санының артуы электр энергиясына деген сұранысты арттырып отыр. Екін­ші мәселе – елдегі ескірген энергетика­лық инфрақұрылымның тозуы. Әсіресе көмірмен жұмыс істейтін стансалар эколо­гиялық және экономикалық тұрғы­дан тиімсіз болып барады. Сол себепті бізге экологиялық тұрғыдан тиімді әрі электр энергиясын тұрақты өндіруші стансалар керек. Бұл рөлге АЭС-тер әбден лайық болар еді.  

2023 жылы Қазақстан Ресейден 3,4 млрд. кВт/сағ электр энергиясын импорттап, бұл ел­дегі электр энергиясының 20 пайызын құра­ды. Осыған байланысты АЭС тұрақ­ты әрі сенімді энергия көзі болып отыр. Үшіншіден, АЭС-тің құры­лысы Қазақстанның көмір мен газға тәуелділігін төмендетіп, атмосфераға бөлінетін көміртегі шығарындыларын азайтуға мүмкіндік береді. Мұндай стансалар экологиялық таза әрі тұрақты энер­­гия көзі ретінде елдің парник­тік газ­дар­ды азайту бойынша халықара­лық міндеттемелерін орындауына көмек­теседі.

Сонымен қатар атом энергетикасы ел экономикасына да оң әсерін тигізеді. Мысалы, Францияда атом өнеркәсібі 457 200 жұмыс орнын қам­тамасыз етеді. Егер Қазақстанда да АЭС салынатын болса онда мыңдаған жаңа жұмыс орындарының ашылары сөзсіз. Себебі, еліміздің өз уран қоры мен энергетикалық қажеттіліктерін ескере отырып, атом энергетикасының әлеуетін тиімді пайдалана алу мүмкіндігі бар.

Айгүл ҚАСЫМОВА,

Комаров атындағы ЖББМ-нің педагогы.

Атакент кенті.

АЭС-ТІҢ ЕЛІМІЗ ҮШІН ТИІМДІЛІГІ МОЛ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған