Қазақстанда атом электр станцияларын салу — бұл елдің энергетикалық тәуелсіздігі мен орнықты дамуы жолындағы маңызды қадам.
Энергетикалық тәуелсіздік кез келген мемлекеттің негізі, оның экономикалық тұрақтылығына, ұлттық қауіпсіздігіне және сол елде өмір сүріп жатқан барша халықтың әл-ауқатына тікелей әсер етеді. АЭС қауіпсіз әрі таза энергия көзі ретінде танымал. Мәселен, дүние жүзінде 31 елде 416 реактор жұмыс істейді. Бүгінде атом энергиясы әлемдегі электр энергиясының шамамен 10 пайызын қамтамасыз етеді. Атом энергетикасының қуаты едәуір елдерге АҚШ (94 реактор), Франция (56 реактор), Қытай (56 реактор), Ресей (36 реактор), Үндістан (20 реактор), Оңтүстік Корея (26 реактор), Жапония (12 реактор) жатады. АЭС бір мемлекет үшін энергетикалық қауіпсіздік болса, екінші ел үшін экологияны жақсарту жолы, ал үшінші бір мемлекет оны экономикалық мақсатта қолданады.
Сұлушаш БАЙТОВА,
Атакент кенті.