Мектепке дейінгі мекемеде қазақ тілін оқыту, бала тілін дамыту жұмыстары тәрбиешілердің ізденісі пен дайындығын қажет етеді. Бала тілін дамыту мәселесінде мектепке дейінгі мекемеде білім беру, тәрбиелеу ісіне қоғам болып бір ауыздан атсалысу қажет. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту алдымен балабақшадан басталады. Біздің мақсатымыз балаларды ата бабадан қалған салт дәстүрге адамгершілікке баули отырып, жаңа технологияны меңгерту. Тіл білген адам – мәдени рухани жан азығы мол адам. Адамның ойы тілден көрінеді. Сөздің байланысты айтылуы баланың тілдік және ақыл ой дамуымен біртұтас жүреді. Ертегі, әңгіменің, өлең- тақпақтар мен жаңылтпаштарды, сондай ақ мақал мәтелдер мен жұмбақтарды мәнерлеп оқып берумен әсерлеп айту – тек қана олардың сөздік құрамын байытып қана қоймайды сонымен қатар сәбидің ақыл ойының жетілуіне әсерін тигізеді. Балалардың жас ерекшелігіне лайықты көркем әдебиет шығармаларын, оқыған шығарма мазмұнын әңгімелеп айтқызу, суретке қарап әңгімелеу, ертегілер оқып беру мақал мәтел, жаңылтпаш, тақпақтар үйрету сияқты жұмыстары арқылы бала тілін дамытуға болады.

Халық қазынасы қазақ тілін меңгерту бесік тәрбиесінен, ана тілінен ана әлдиінен басталатыны белгілі. Тіл баланың жеке басын қалыптастыру өзіндік дербес іс әрекетін дамыту, ой парасатын жетілдіру міндеттерін жүзеге асырудың ең басты құралы. Баланың 2 жасқа толған кезеңі ерекше маңызды. Олар сөйлейді, жүре бастайды заттармен әрекет жасаудың қарапайым тәсілдерін меңгереді. Екі жастағы баланың тіл дамуы өте қарқынды өтетін, тілді үйретуге ерекше сезімталдық байқалатын тіл дамуындағы кезең. Педагог әр баланың тілін зерттеп, ерекшелігін жете меңгергеннен кейін, тәрбие білім беру үрдісіне күн тәртібінің қолайлы сәттерінде дыбыстарды дұрыс дыбыстауға орай жаттығу жұмыстарын жоспарлы түрде ұйымдастырып жүргізеді. Мектеп жасына дейінгі балаларды өздерінің ойына шақ әдеби мұралармен сусындатып тәрбиелеу басты міндетіміз. Сөйлеу тынысы тыныстық гимнастиканың барысында дамиды. Оқыту барысына жаңа сөздер мен сөз тіркесі қосылғанда өз ретімен енгізілуі қажет.

Тіл – ұлт ерекшеліктерінің бірі, ұлт мәдениетінің бір формасы, тілде әрбір халықтың ұлттық дәстүрінің, сана сезімін, ойлау тәсілінің, мінез – құлқының белгілері бейнеленеді. Сөйлеу тілімен сөздік қоры молая бастаған сайын бала айналадағы адамдармен, құрдас балалармен белсенді түрде сөздік қарым қатынас жасайды. Өмірдегі іс әрекет жайын білуге құмарта түседі. Баланы жақсы көріп білгенімізді олардың санасына құю, жеткізу педагогтың  алға қойған мақсаты. Сол мақсатқа жету үшін талмай, қажымай еңбек етіп келеміз.

Салтанат Аралбай,

«Жүрсінай» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі.

Жетісай ауданы, Жетісай қаласы.

Балабақшадағы балалардың тілін дамыту

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған