2023 жылы  көрші елдерден 100 миллиард теңгеге жуық қаржы шығындап сатып алған 3,4 млрд. кВт/сағат электр энергиясының әр кВт/сағаты бізге шамамен 29 теңгеден түсіпті.. Ал, біздің елдегі ең ірі станцияның өнім бағасына келетін болсақ; Екібастұздағы ГРЭС-1 кәсіпорны өндірген энергияның әр кВт/сағатының құны – небары 8,05 теңге ғана. Яғни, импорттық энергия жергілікті өнімнен үш-төрт есе қымбатқа түсіп отыр.

Ал алдағы уақыттарда ішкі қажеттіліктер үшін бұдан да көп сомаға электр энергиясын  сатып алуымызға тура келеді. Бұған жол бермеу үшін бізге атом электр станциясы ауадай қажет. Бұл тәсілмен алынатын қуатты Еуроодақ, басқа да халықаралық ұйымдар «жасыл» энергетикаға жататын электр энергиясына теңестірді.

Қазір Қазақстаннан АЭС салуға төрт үміткер бар, олар – Оңтүстік Корея, Қытай, Франция және Ресей. Референдум өткен соң конкурс жарияланып, соның нәтижесіне байланысты үміткерлер өз ұсыныстарын пысықтайды да, солардың арасынан іріктеледі. Іріктеуде реакторы, қуаты, қауіпсіздігі, мерзімі, т.б. көптеген факторлар жан-жақты саралануы қажет. Сонда оң нәтижелерге қол жеткізеріміз анық.

Серік МАҚСАТОВ,

Мақтаарал ауданы.

АЛДАҒЫ УАҚЫТТА БҰДАН ДА ҚЫМБАТҚА ТҮСЕРІМІЗ АНЫҚ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған