Мақтааралдық диқандар ерте көктемнен бастап күні бүгінге дейін 2600 тонна бақша өнімдерін жинап үлгерді. Дәмі тіл үйіретін қауын-қарбыз Ресей мен бірқатар Еуропа елдеріне де экспортталуда.
Қазір бақша өнімдерінің нағыз уылжып піскен сәті. Дегенмен қауынды қалай таңдап алу керек. Ерекше мән беретін тұстары қандай. Мақтааралдық диқандармен тілдескен тілшіміз осы мәселе жөнінде сұрап білген еді.
«Қауынның бірінші кезекте қаттылығына мән берген дұрыс. Өйткені солып қалғанының дәмі болмайды. Оған қоса сыртқы келбеті ұрылмаған, шірік болмауы керек. Сырты сап-сары болып иісі аңқып уылжып тұрғандары экспортқа шыдамайды. Олар ішкі нарыққа жөнелтіледі.Таңдағанда осыларға ерекше мән берген дұрыс», дейді диқан.
20 жылдан бері диханшылықпен айналысып келе жатқан Сәрсен Қарақұловта қауындарын сорттап, экспортқа дайындап жатыр. Бұл ерте көктемде егілген қауынның «Жиенбай» деген сорты. Бақша өнімінің бұл түрі етті әрі тасымалға шыдамды келеді екен. Қауынның ең бірінші «Аэропорт» деген сорты піседі, сдан кейін «Жиенбай» және «Валет» шығады. Ең тәттісі әрі үлкені ол әрине жергілікті «Мырзашөл» қауыны, дейді ол.
Мырзашөлдің қай ауылына бармасаңыз да қазір қызу қарбалас жұмыс жүріп жатыр. Диқандар қауындарын сорттап экспортқа дайындап жатыр. Әр жәшікке орта есеппен көлеміне қарай 4-5 қауыннан кетеді. Бағасы да арзан. Өйткені өнім көп.Ұзақ жолға шыдамайтын уылжып пісіп тұрғандары ішкі нарыққа жөнелтіледі.
Аудан диқандар жыл өткен сайын бақша өнімдерінің көлемін артырып келеді. Өйткені бұл өнімге сұраныс бар. Әрі табысы да жақсы. Шаруалар қауынның дәмі мен сортына, ерекшелігіне қарап егетін болған. Ғасырға жуық уақытта жиған тәжірибе мен нарық, шаруаларды осыған бейімдеп отыр.
Жалпы оңтүстіктің жүрегі атанған – Мырзашөл өңірінде жұмыс жыл онекі ай жалғасады. Қыста жердің сорын шаяды. Ерте көктемнен бастап дихандар бақша өнімдерінің көшетін әзірлеп, күн жылына алқапқа отырғызады. Алғаш қырық қабаттан бастап, соңыда ақ алтынын жинап алады. Бір жерден екі тіпті үш өнім алып жатқан диқандар да бар.