Мақтааралда қайтарымсыз грант алып, мемлекетке масылдықтан арылып жатқандар қарасы артып келеді. Өз ісіні бастағандардың бірі тігін цехны ашса, енді бірі үй жиһаздарын қайта жаңғыртумен айналысып келеді.Жаңа бизнес идеялардың ішінде бие сауып, қымыз өндіру жобасы да бар. Он саусағынан өнері тамған ісмерлер ұлттық өнерімізді де дәріптеп жүр.

Зағипа Қарабекова грант қаржысына қажетті тігін машиналарын сатып алыпты.Ісмер сауда орнынан арнайы тігін шеберханасын ашты.Қазір көпшілікке қызмет көрсетіп жатыр.Тапсырысқа қарай түрлі ұлттық нақыштағы оюлар мен кәдесыйлар тігеді.Қыз-келіншектерге көйлек тігіп, бешпет пішіп береді. Шебер бұл өнерді әжесі мен анасынан үйреніпті.Он саусағынан өнері тамған келіншек осылайша ұлттық өнерді дәріптеп жүр.

Ал,жақсылық Қарабаев болса көнерген заттарды қайта қалпына келтіреді.Қолының қиюы бар ұста ескірген дивандар мен жиһаздарды жөндейді.Тіпті дизайн үлгісін өзгертіп, жабындысын қайта тігеді.Шебер мемлекеттен алған қайтарымсыз несиесіне қажетті құрылғысын сатып алыпты. Қазір бауыры мен көршісіне жұмыс тауып беріп отыр. Кез-келген дүниені бастапқы қалпына келтіреді. Тапсырыс болса жиһаздың барлық түрін жасауға болады,дейді ұста.

Мақтааралда мемлекет көмегімен ісін ашып,өз кәсібін дөңгелетіп отырғандар саны артып келеді.Яғни, пилоттық жоба әлеуеметтің әлеуетін арттыруға негіз болып отыр.Дегенмен бұл жобаға екінің бірі қатыса алмайды. Үміткер арнайы әлеуметтік статусқа ие болуы керек.Оған қоса бизнес жобаның ерекшелігіне де ерекше мән беріледі.

Ауданға биыл 134 орынға грант беру жоспарланып отыр. Бизнес иделардың басым бөлігі тәттілер пісіру мен шеберханалар болса басқақсы құрылысқа қажетті заттар шығармақ. Комиссия бірінші кезекте жобалар бір –бірін қайталамайтын оған қоса жаңашылдық жағына қарап жатыр.Бір сөзбен айтқанда қайтарымсыз грант ауыл халқының ырысын арттырып отыр.

ЖАҢА КӘСІП БАСТАУҒА ЗОР МҮМКІНДІК

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған