1.1. Осы Ереже «Заң мен тәртіпті сақтаудағы менің үлесім» тақырыбында мемлекеттік қызметшілер арасында республикалық эссе байқауын (бұдан әрі мәтін бойынша – Байқау) өткізу тәртібін, қатысушыларға қойылатын талаптарды, бағалау критерийлерін, өткізу мерзімдерін айқындайды және барлық конкурстық іс-шаралар аяқталғанға дейін қолданылады.
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТЫҢДАДЫ
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясының мүшесі Темір Базарбайұлы Қырықбаев Жетісай ауданында қоғамдық қабылдау өткізді. Қоғамдық қабылдаудың негізгі мақсаты – аудан тұрғындарының әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерін тыңдап, оларды партиялық тетік арқылы шешу жолдарын қарастыру, сондай-ақ құқықтық, ұйымдастырушылық тұрғыда қолдау көрсету болды.