Қазіргі таңда балабақша – баланың тұлғалық дамуына ықпал ететін маңызды орындардың бірі. Әрбір тәрбиеленуші осы жерде адами құндылықтарды, оның ішінде адалдық, әділдік, жауапкершілік сияқты қасиеттерді меңгереді. Осы орайда балабақшада жүзеге асырылып жатқан «Адал азамат» бағдарламасы тәрбие жұмысының маңызды бағыты болып табылады.
Бағдарламаның мақсаты
«Адал азамат» бағдарламасының негізгі мақсаты – балалардың бойында адалдық пен шыншылдыққа, әділдік пен жауапкершілікке негізделген құндылықтарды қалыптастыру. Бұл бағдарлама арқылы балалардың рухани дамуына, олардың әлеуметтік және тұлғалық жауапкершілігін арттыруға бағытталған бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылуда.

Бағдарлама аясында өткізілген негізгі іс-шаралар:
1.Ашық ұйымдастырылған ашық іс-әрекеті мен іс-шаралар.Бағдарлама аясында балаларға адалдық, әділдік, шыншылдық, тазалық секілді адамгершілік құндылықтар туралы түсінік беру үшін арнайы ұйымдастырылған ашық іс-әрекеттері мен тақырыптық іс-шаралар ұйымдастырылды. «Адалдық – асыл қасиет», «Әділ болу – қиын, бірақ дұрыс» атты ұйымдастырылған ашық іс-әрекеттері балалардың өмірге деген көзқарасын кеңейтті.
Әр өтілген іс-әрекетер балаларға адалдықтың маңыздылығы жайында қарапайым өмірден алынған мысалдар келтіріліп, олардың ой-өрісін дамытуға бағытталған ойындар өткізілді.
2.Рөлдік ойындар мен театрландырылған көріністер
Балалармен түрлі рөлдік ойындар өткізу арқылы оларды адалдық пен әділдікке тәрбиелеу мақсаты қойылды. Мысалы, «Шындық пен өтірік» атты ойын арқылы балалардың шыншылдықты бағалап, өтірік айтудың салдары туралы түсінік алуларына ықпал жасалды.
Театрландырылған қойылымдар арқылы балаларға достық, сенімділік және адалдық туралы білім берілді. Әсіресе, «Адал азамат» тақырыбында қойылған көріністер балалардың есте сақтау қабілетін арттырып, күнделікті өмірде дұрыс әрекет етуге үйретті.
3.Шығармашылық жұмыстар
Балалар шығармашылық жұмыстар арқылы өз ойларын ашық білдіріп, адалдық тақырыбына қатысты суреттер салды. «Адал ұрпақ – ел болашағы» атты сурет көрмесі өткізілді. Сонымен қатар, балалардың қолөнер бұйымдарынан «Адалдық әлемі» атты көрме ұйымдастырылды. Осы іс-шара барысында балалар өз қолдарымен жасаған шығармашылық жұмыстары арқылы адалдық, әділдік тақырыбына деген жеке көзқарастарын білдірді.
4.Ата-аналармен бірлескен іс-шаралар
Бағдарлама аясында ата-аналармен тығыз жұмыс атқарылды. Ата-аналарға баланы адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу жолдары бойынша әдістемелік көмек көрсетіліп, тренингтер мен семинарлар ұйымдастырылды. «Отбасында адалдық» тақырыбында ата-аналарға арналған дөңгелек үстелдер өткізіліп, олардың балаларына адалдық пен әділдік туралы тәлім-тәрбие беруде атқаратын рөлі талқыланды.
5.Әлеуметтік жобалар мен қайырымдылық іс-шаралары Балалар өздерінің іс-әрекеттері арқылы қоғамға пайда келтірудің маңыздылығын, адал еңбектің құндылығын сезінді.
Нәтижесінде «Адал азамат» бағдарламасының нәтижесінде балалар адалдық пен әділдік, шыншылдық пен жауапкершілік сияқты құндылықтарды жақсы түсініп, өз өмірінде қолдануға үйренді. Олар адалдықтың тек жеке өмірде ғана емес, қоғамда да маңызды екенін ұғынып, өзара қарым-қатынаста шынайылыққа және әділдікке негізделген жолды таңдады.
Қорыта келгенде Балабақшада атқарылған «Адал азамат» бағдарламасы аясындағы жұмыстар балалардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға, олардың қоғамда адал әрі жауапты азамат болып өсуіне үлкен ықпал етті. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып, балалардың тұлғалық дамуына жаңа мүмкіндіктер ашылады.
Карлығаш КУАТБАЕВА,
Түркістан облысы, Жетісай ауданының білім бөлімі
«Балдәурен» бөбекжай бақшасы МКҚК меңгеруші.
